Новости

Еңбек күніне орай алғыс хаттар табысталды

?Елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісінде еңбек күні аталып келеді. Күнделікті қарбалас қызмет арасында олардың қызметін елемей жатамыз, тіпті кейде алғыс айтуды да ұмытып кетеміз. Өміріміздің жартысынан көбі жұмыста өтеді, ғимаратқа кіре бергеннен бастап күлімдеп қарсы алатын, жұмыс орнымызды тап-таза етіп жинап, қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп жүрген жандарға алғысымыз шексіз. Биылғы жыл Академия үшін мерейтойлы жыл екенін білесіздер, 30-жылдық мерейтой аясында керемет бастамалар жүргізіліп жатыр. Осындай игі бастамалардың бірі, Еңбек күніне орай Академия басшылығы Ерлан Қуанышұлының атынан Астанадан арнайы келген алғыс хаттарды табыстау болды.
?Біздің филиалымызға қызмет көрсетіп, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған «GMG Management» ЖШС-нің басшысы Гүлжан Майданкановна Сабыкеноваға және барша қызметкерлерге өз атымнан және филиал ұжымы атынан алғысымды білдіремін.

✏Бізбен бірге етене қызмет етіп келе жатқан келесі әріптестеріміз Академия ректорының алғыс хатымен марапатталды:

  1. Жумагалиева Майра Саркытовна, тазалау операторы, 2013 жылдан бастап қызмет етуде;
  2. Алимбаева Азиль Максатовна, тазалау операторы, 2018 жылдан бастап қызмет етуде;
  3. Хасенова Гуля Абдрасилкызы, тазалау операторы, 2023 жылдан бері қызмет етіп келеді;
  4. Абибуллаев Наурызбек Нигматдинович, техникалық маман (ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы), 2023 жылдан бері қызмет етуде;
  5. Ахметов Нурхат Акынович, электрик, 2022 жылдан бері қызмет етуде.

?Барша әріптестерімізді мерекемен шын жүректен құттықтай отыра, дендеріңе саулық, отбасыларыңа амандық пен молшылық тілеймін. Еңбектеріңіз әрқашан елене берсін!